Алдағы 3 жыл ішінде Қазақстанда 10 әлемдік жұлдыздың концерті ұйымдастырылатыны туралы жуырда ақпар тарады.
Жуырда атақты әнші Дженнифер Лопес 1 тамызда "Астана Аренада" концерт өткізетіні белгілі болды. Бұл шоу — әлемдік тур аясындағы ірі мәдени шаралардың бірі. Алайда бұл Еурокубок іріктеу ойындары мен Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) ресми матчтарына әсер етуі мүмкін.
Жуырда аталған концерттің продюсері Мәлік Хасенов алдағы үш жылда Қазақстанда тағы 10 әлемдік жұлдыздың концерті өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы afishi_atyrau Инстаграм парақшасы хабарлады.
«Алдағы үш жылда әлемдік жұлдыздардың қатысуымен Қазақстанда тағы 10 ірі концерт жоспарланған. Әзірге нақты қай әншінің келетіні белгісіз», – делінген жазбада.
Осы ретте, ескеретін бір жайт, елімізде 30-40 мың адам сыятын музыкалық сахна мен арена жоқ. Сондықтан Қазақстанда халықаралық деңгейдегі ірі концерттер спорт стадиондарында өтеді. Ал олардың дені Алматы мен Астанада орналасқан. Солардың ішіндегі ең ірісі – "Астана Арена".
Кешенді дайындықты қажет ететін мұндай концерттер футбол кестесіне немесе спорт бәкеселеріне әсер етуі мүмкін. Себебі ауқымды іс-шараға дайындық жұмыстары үшін кем дегенде 2–3 апта қажет.
Әлемдік тәжірибеге қарасақ, спорт пен шоу-бизнесті инфрақұрылым арқылы сәтті үйлестіріп отырған елдер көп. Олар спортшылар мен музыканттарды бір стадионға "сыйғызып" қоюдан бұрын, әрқайсысына арнайы алаңдар дайындап қойған.
АҚШ
Германия
Olympiastadion (Берлин) – Концерттер Bundesliga аяқталған соң ғана өткізіледі.
Жапония
Tokyo Dome – концертке арналған жабық арена, ешқандай футбол ойынына арналмаған.