Бибісара Асаубаева – әлемнің үздік шахматшы қыздарының қатарында
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) әйел шахматшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Қазақ жанкүйерлеріне басты жаңалық — Бибісара Асаубаеваның жаһандық рейтингте 14-орынға көтерілуі болды.
Бибісара Қазақстан рейтингінде де үздік позицияда тұр. Ол өзінен кейінгі қарсыластарынан айқын алда келе жатыр. Оның артынан келе жатқан екі жас шахматшы да халықаралық аренада көзге түсуде:
- Алуа Нұрман — 2347 рейтинг, 17 жас
- Әмина Қайырбекова — 2344 рейтинг, 19 жас
Бұл қос ару да FIDE-дің әлемдік әйелдер топ-100 тізіміне енді: Алуа 97-орында, Әмина — 99-орында.
Қазақстан тек әйелдер шахматында емес, ерлер арасында да жас буынмен мақтана алады:
- Алдияр Ансат (16 жас) — әлемдік юниорлар рейтингінде 64-орында (рейтингі — 2469)
- Эдгар Мамедов (14 жас) — 83-орында (рейтингі — 2453)
Олардың екеуі де халықаралық жарыстарда Қазақстанның үмітін арқалап жүр.
Алдағы уақытта Алматыда Қазақстан мен Өзбекстанның мықты гроссмейстерлері Дүниежүзілік Кубоктың жолдамалары үшін таласады.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.