Футбол ма, фан-зона ма? Әлемдік әншілердің шоуынан спортшыларымыз стадионсыз қалмай ма?
Алдағы 3 жыл ішінде Қазақстанда 10 әлемдік жұлдыздың концерті ұйымдастырылатыны туралы жуырда ақпар тарады.
Жуырда атақты әнші Дженнифер Лопес 1 тамызда "Астана Аренада" концерт өткізетіні белгілі болды. Бұл шоу — әлемдік тур аясындағы ірі мәдени шаралардың бірі. Алайда бұл Еурокубок іріктеу ойындары мен Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) ресми матчтарына әсер етуі мүмкін.
Стадион – спортқа ма, шоуға ма?
Жуырда аталған концерттің продюсері Мәлік Хасенов алдағы үш жылда Қазақстанда тағы 10 әлемдік жұлдыздың концерті өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы afishi_atyrau Инстаграм парақшасы хабарлады.
«Алдағы үш жылда әлемдік жұлдыздардың қатысуымен Қазақстанда тағы 10 ірі концерт жоспарланған. Әзірге нақты қай әншінің келетіні белгісіз», – делінген жазбада.
Осы ретте, ескеретін бір жайт, елімізде 30-40 мың адам сыятын музыкалық сахна мен арена жоқ. Сондықтан Қазақстанда халықаралық деңгейдегі ірі концерттер спорт стадиондарында өтеді. Ал олардың дені Алматы мен Астанада орналасқан. Солардың ішіндегі ең ірісі – "Астана Арена".
Спорт пен шоу-бизнес қақтығыса ма?
Кешенді дайындықты қажет ететін мұндай концерттер футбол кестесіне немесе спорт бәкеселеріне әсер етуі мүмкін. Себебі ауқымды іс-шараға дайындық жұмыстары үшін кем дегенде 2–3 апта қажет.
Әлемдік тәжірибе
Әлемдік тәжірибеге қарасақ, спорт пен шоу-бизнесті инфрақұрылым арқылы сәтті үйлестіріп отырған елдер көп. Олар спортшылар мен музыканттарды бір стадионға "сыйғызып" қоюдан бұрын, әрқайсысына арнайы алаңдар дайындап қойған.
Ұлыбритания
- "Уэмбли" стадионы – футболға арналса да, арнайы концерттік жабдықтары бар. Бірақ мұнда концерттер маусымаралық кезеңге ғана жоспарланады.
- O2 Arena – әлемдік турлар мен музыкалық шоулар үшін жеке жабық кешен. Футбол, хоккей, теннис, бокс – бөлек нысандарда өтеді.
АҚШ
- Madison Square Garden (Нью-Йорк) – концерт, баскетбол және хоккейге бейімделген мультифункционалды арена, бірақ әрбір шара нақты күнтізбе бойынша өтеді.
- NFL (америкалық футбол) стадиондары маусымнан тыс уақытта ғана концертке беріледі.
Германия
-
Olympiastadion (Берлин) – Концерттер Bundesliga аяқталған соң ғана өткізіледі.
Жапония
-
Tokyo Dome – концертке арналған жабық арена, ешқандай футбол ойынына арналмаған.