«Қайрат» ФК жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы Сәуле Рабаева Мекке қаласына қажылық сапарына аттанды. Ол қасиетті орындардағы әсерлі сәттерін фото және бейнежазба түрінде әлеуметтік желіде бөлісті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шерхан Қалмырза Ұмра қажылығына баруға арналған ерекше жолдаманы сыйлық ретінде алған. Сый Алматыда өткен бір мерекелік кеште табысталған. Сол шарада Шерхан мен анасы құрметті қонақтар қатарында болып, қасиетті сапарға жол ашқан сертификатқа ие болған еді.

Дарынды қақпашы Шерхан Қалмырза соңғы жылдары ел футболындағы ең көп талқыланған жас ойыншылардың бірі. Әсіресе, Алматыда өткен «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи кездесуден кейін ол көптің ықыласына бөленді.
Кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов оның еңбегін жоғары бағалап, заманауи Exeed автокөлігін тарту еткен. Ал Ғылым және жоғары білім министрлігі талантты спортшыға мемлекеттік білім грантын ұсынған.