Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Кайратпен» матч кезінде «Интер» жұлдызының үйіне ұрылар түсті

Сарапшы, спорт журналисі

Италия құрамасы мен миландық «Интер» клубының қорғаушысы Алессандро Бастони ұрылардың құрбанына айналды.

«Кайратпен» матч кезінде «Интер» жұлдызының үйіне ұрылар түсті
serieafans.ru

Ұрылар ойыншының үйіне еніп кеткен

БАҚ мәліметінше, төрт адамнан тұратын топ Бергамо провинциясындағы Кастелли-Калепио елді мекенінде орналасқан футболшының жеке үйіне кіріп, қымбат сағаттар, зергерлік бұйымдар мен бағалы заттарды ұрлап кеткен.

Оқиға болған сәтте Бастони мен оның отбасы үйде болмаған.

Футболшы сол сәтте алаңда болған

Қылмыс жасалған уақытта Алессандро Бастони командасымен бірге Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 4-туры аясындағы «Интер» – «Қайрат» (2:1) кездесуінде алаңға шыққан.

Италиялық қорғаушы толық ойын өткізіп, алаңдағы өз міндетін орындап жатқанда, үйін ұрылар тонап үлгерген.

Қазір италиялық құқық қорғау органдары ұрлық дерегі бойынша тергеу жұмыстарын бастап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, қылмыскерлер алдын ала жоспармен әрекет еткен.

24 жастағы Алессандро Бастони соңғы жылдары «Интердің» және Италия ұлттық құрамасының негізгі қорғаушысы атанды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір