Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы қасиетті қажылыққа жол тартты

Сарапшы, спорт журналисі

«Қайрат» ФК жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы Сәуле Рабаева Мекке қаласына қажылық сапарына аттанды. Ол қасиетті орындардағы әсерлі сәттерін фото және бейнежазба түрінде әлеуметтік желіде бөлісті. 

«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы қасиетті қажылыққа жол тартты
коллаж penalty.kz

Сәуле Рабаева — Меккеге сапар шеккен қазақстандық аналардың бірі

Еске сала кетейік, бұған дейін Шерхан Қалмырза Ұмра қажылығына баруға арналған ерекше жолдаманы сыйлық ретінде алған. Сый Алматыда өткен бір мерекелік кеште табысталған. Сол шарада Шерхан мен анасы құрметті қонақтар қатарында болып, қасиетті сапарға жол ашқан сертификатқа ие болған еді.

Жас қақпашының жетістіктері мен қоғам назарындағы сәттері

Дарынды қақпашы Шерхан Қалмырза соңғы жылдары ел футболындағы ең көп талқыланған жас ойыншылардың бірі. Әсіресе, Алматыда өткен «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи кездесуден кейін ол көптің ықыласына бөленді.

Кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов оның еңбегін жоғары бағалап, заманауи Exeed автокөлігін тарту еткен. Ал Ғылым және жоғары білім министрлігі талантты спортшыға мемлекеттік білім грантын ұсынған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір