Реклама
Реклама

«Кімнің бетін ұрайық?» — волейболшы қыздар Сәбина Алтынбекованы қорғап шықты

Сарапшы, спорт журналисі
14.11.2025, 17:07

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова Instagram парақшасында басынан өткен жағымсыз жағдайды айтып, оны қалай еңсергенін айтты. 

instagram/@altynbekova_20

Сәбинаның көңіл-күйін бұзбақ болғандарға жауап

Спортшының айтуынша, біреу оның көңіл-күйін түсірмек болған. Бірақ өзін ұстап, жағдайды ушықтырмауға тырысқан.

«Керемет күн, күннің көзі шығып тұр. Көңіл-күй тамаша еді… Біреу бұзбақ болды, бірақ қолынан келмеді. Өзім де мәселені соңына дейін жеткізбедім — бәрібір ішімде «кобра» бар ғой. Қазір тек позитив пен шүкірлікке көңіл бөлетін кезеңдемін. Осындай сәттер адамның менталды түрде қалай өскенін көрсетеді», — деді Сәбина.

«Кімнің бетін бітейін?» — командаласының реакциясы желіде хит болды

Сәбина оқиғаның жалғасын келесі стористе көрсетіп, оған құрбысы — волейболшы қыздардың бірі жауап берген.

Ол стористі көріп:

«Не болды? Кімнің бетін ұрайық?» — деп жазған.

Алтынбекова бұл жауапқа күліп, командаластарының қолдауына ризашылығын білдірді.

«Менің жанымдағы волейболшы қыздар осындай», — деп әзілдеді Сәбина.

Реклама
Реклама