Қазақстан әйелдер күресінің көшбасшыларының бірі, төрт дүркін Азия чемпионы Жәмила Бақбергенова әлеуметтік желіде көлігін сататынын мәлімдеді. Ол бұл шешімін шұғыл қаржы қажеттілігімен байланыстырған.
Бақбергенова көлігін 22 млн теңгеге бағалаған. Жазбасында көліктен «құтылу» емес, ақша керек болғандықтан сатуға шығарып отырғанын атап өткен.
Жарияланған фотоларға сүйенсек, балуан Hyundai Palisade (2024 жыл) автокөлігін сатпақ.
Жәмила Бақбергенова – Азия біріншілігін төрт рет жеңген, әлем чемпионаттарында төрт мәрте жүлдеге іліккен (үш күміс, бір қола) қазақстандық еркін күрес шебері. Сондай-ақ оның еншісінде Азия ойындарының күмісі және Азия чемпионаттарындағы алты медаль бар (төртеуі – алтын).
Айта кетейік, жуырда Қазақстанның ең титулды боксшыларының бірі Назым Қызайбай да көлігін сататынын хабарлаған еді.