Бибосынов Сабуровпен түскен суретті Instagram сторисінде бөлісті.
Қазақстан құрамасының боксшысы, IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Дубайда (БАӘ) өткен әлем чемпионатынан кейін танымал комик Нұрлан Сабуровпен жүздесті.
Бибосынов Сабуровпен түскен суретті Instagram сторисінде бөлісіп, жазбаға бірнеше эмодзи қоса кеткен. Кездесу жанкүйерлер арасында қызығушылық тудырды.
Еске салайық, Сәкен Бибосынов 54 келі салмақтағы финалда ресейлік боксшы Вячеслав Рогозинді төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Айқастың екінші раундында рефери қазақстандық боксшының қарсыласына нокдаун есептеген.
Нұрлан Сабуров ӘЧ-2025 турниріне құрметті қонақ ретінде қатысқан. Турнир барысында ол IBA президенті Умар Кремлевтің жанында байқалды.