UFC-дің жартылай орта салмақтағы (77,1 кг дейін) чемпионы, 34 жастағы ресейлік файтер Ислам Махачев Дағыстанда баскетбол ойнап, жанкүйерлерді таңғалдырды.
Махачев баскетболдағы сәттерін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Кадрлардан оның алаңда еркін қимылдап, командалық ойында белсенді болғанын байқауға болады.
Жыл сайын өтетін "Каспий кубогы" турнирінде Махачевтің командасы үшінші орын иеленді. Додаға әртүрлі командалар сапында Олимпиада чемпиондары, сондай-ақ әлем және Еуропа чемпиондары қатысқан. Олардың қатарында:
Қазір Ислам Махачев UFC-де 16 жеңістік сериямен келе жатыр. Жалпы мансабында оның еншісінде 28 жеңіс және 1 жеңіліс бар.
Соңғы жекпе-жегін Махачев Нью-Йоркте (АҚШ) UFC 322 турнирінде өткізіп, аустралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен. Осы нәтижеден кейін ол жартылай орта салмақта UFC чемпионы атанып, лига тарихындағы 11-ші қос салмақ чемпионы ретінде тіркелген.