Реклама
Реклама

Мансабын аяқтаған әлем чемпионы жаңа қызметке тағайындалды

Сарапшы, спорт журналисі
08.01.2026, 21:57

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы көшбасшысы, әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов жаңа қызметке тағайындалғанын мәлімдеді.

Instagram/@nurdauletovbekzad

Жаңа кезең басталды

Боксшы Instagram парақшасында жауапкершілігі жоғары жаңа жұмысына кіріскенін жазды. Ол Маңғыстау облысындағы бокстан олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының басшысы болып тағайындалған.

"Бүгін мен үшін жауапкершілігі жоғары жаңа кезең басталады.

Мені Маңғыстау облысындағы бокстан олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының басшысы етіп тағайындады. Басшылық — атақ үшін емес, жүйе құру, жастарға жол ашу, спортты дамыту үшін.

Мақсатым айқын. Жұмыс енді басталды", — деп жазды Нұрдәулетов.

Бұған дейін мансабын аяқтағаны хабарланған

Еске салсақ, бұған дейін ауыр салмақтағы ұлттық құраманың алдыңғы қатарында жүрген Нұрдәулетовтің спорттық мансабын аяқтағаны туралы ақпарат тараған. 

Нұрдәулетов — Қазақстан боксының соңғы жылдардағы ең нәтижелі спортшыларының бірі. Оның басты жетістіктері:

  • жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері
  • IBA-2019 әлем чемпионы
  • World Boxing Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы (2025, Астана)
  • Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы
  • Ливерпульдегі World Boxing ӘЧ және Дубайдағы IBA әлем чемпионатына қатысқан
Реклама
Реклама