Сәбина Алтынбекова Геннадий Головкинге арнап жазба жариялады

Спорт шолушысы
16.06.2026, 13:30

Жуырда Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқы залына енген болатын.

Zakon.kz

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқы залына енгізілуіне байланысты пікір білдірді. Ол әйгілі қазақстандық боксшыны елге, отбасына және кәсібіне адал тұлға ретінде атап өтті.

"Геннадий Геннадьевич — ер азаматтарға керемет үлгі. Отбасына, еліне және өз ісіне адал. Тамсанамыз және мақтан тұтамыз", — деп жазды Алтынбекова.

Головкин тарихи мәртебеге ие болды

Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқы залына енгізілуі Қазақстан спорты үшін маңызды оқиға болды. Салтанатты рәсім Қазақстан уақыты бойынша 15 маусымға қараған түні АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында өтті.

Айта кетейік, Геннадий Головкин орта салмақта әлем чемпионы ретінде ұзақ жылдар бойы кәсіпқой бокстың басты жұлдыздарының бірі болды. Ол соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізген.

Реклама
Реклама