Бибісара Асаубаева Жавохир Синдаровпен романтикалық видео жариялады

Спорт шолушысы
26.06.2026, 15:25

Екі шахматшының бірге түскен кадрлары олардың жанкүйерлері үшін күтпеген әрі әсерлі жаңалық болды. 

NUR.KZ

Қазақстандық танымал шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен бірге түскен романтикалық видеосын көрсетті.

Видеода екі шахматшы музыка әуенімен құшақтасып, камераға жүрек белгісін көрсетеді. 

"Париждегі естеліктер"

Асаубаева жариялаған видеосына қысқа әрі романтикалық сипаттама қалдырды.

"Париждегі біз туралы естеліктер", — деп жазды қазақстандық шахматшы.

Бұл жазба жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Көпшілік Бибісара мен Жавохирдің бірге түскен видеосын жылы қабылдады.

Бибісара Асаубаева — әлемдік шахмат жұлдызы

Бибісара Асаубаева — Қазақстан шахматының ең танымал өкілдерінің бірі. Ол блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанған. Биыл қазақстандық шахматшы үміткерлер турнирінде екінші орын алды. 

Ал Жавохир Синдаров Азиядағы ең перспективалы шахматшылардың бірі саналады. Өзбекстандық гроссмейстер шахмат әлемінде өте ерте танылды.

2018 жылы ол 12 жасында гроссмейстер атанып, тарихтағы ең жас гроссмейстерлердің қатарына енді. Ал 2022 жылы Синдаров Өзбекстан құрамасы сапында Үндістанның Ченнаи қаласында өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.

Реклама
Реклама