"Біздің қарым-қатынасымыз шынайы": "Маркиза" Еркебұлан Тоқтармен қалай танысқанын айтып берді
Қазақстандық блогер әрі модель Дарья Подгорная, әлеуметтік желіде "Маркиза" лақап атымен танылған ару, ММА файтері Еркебұлан Тоқтармен қарым-қатынасына қатысты жаңа мәліметтер айтты.
“Бұл ешқандай жоба емес”
Дарья Подгорная Аман Тасығанның YouTube-арнасына берген сұхбатында Еркебұлан Тоқтармен қарым-қатынасының шынайы екенін атап өтті. Оның айтуынша, файтер алғаш рет шамамен жарты жыл бұрын Instagram арқылы хабарласып, кейін оған гүл жіберген.
“Мен оның жобасының бір бөлігі емес. Арамыздағы қарым-қатынас расымен шынайы. Ол маған жарты жыл бұрын Instagram-да жазып, гүл жіберді. Бастапқыда оған жауап бергенім жоқ”, – деді “Маркиза”.
Блогер сол уақытта ауырып жүргенін және көңіл күйі болмағанын да жасырмады. Еркебұлан гүлдер туралы пікірін сұрағаннан кейін ғана Дарья қысқаша жауап берген.
“Еркебұлан Тоқтардың кім екенін білмедім”
Подгорнаяның сөзінше, таныстықтың алғашқы кезеңінде Еркебұлан Тоқтардың танымал спортшы екенін мүлде білмеген. Модель файтердің парақшасына кірген кезде оның бірнеше миллион жазылушысы барын көріп, таңғалғанын айтты.
“Оның кім екенін білмедім. Парақшасына кіріп, 2,5 миллион жазылушысы барын көргенде таңғалдым. Тіпті өзінен: “Сен соншалықты танымал екенсің, жалпы кімсің?” деп сұрадым”, – деп еске алды ол.
Дарьяның айтуынша, мұндай сұрақ Еркебұланның өзін де таңғалдырған. Файтер оған дауыстық хабарлама жіберіп, өзінің кім екенін білмегеніне таңданысын білдірген.
Жанкүйерлердің талқылауы
Еркебұлан Тоқтар мен “Маркизаның” арақатынасы бұған дейін де әлеуметтік желі қолданушыларының назарында болған.
Жанкүйерлер екі тараптың жарияланымдарынан ұқсас орындар мен детальдарды байқап, олардың кездесіп жүргені туралы түрлі болжам жасаған. Кейін бұл ақпарат расталды.
21 жастағы Дарья Подгорная көпшілікке “Мисс Қазақстан – 2023” байқауына Алматы атынан қатысуымен танылды. Кейін әлеуметтік желілердегі белсенділігі және резонанс тудырған бірқатар оқиғалардың арқасында аудиториясын айтарлықтай кеңейтті.