Реклама
Реклама

Қарқыны сұмдық. Александр Бублик ширек финалға шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:59

Жуырда отандасымыз Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінде Германия өкілі Ян-Леннард Штруффты жеңген болатын. 

matchtv.ru

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Нидерландының Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP-500 санатындағы турнирде ширек финалға жолдама алды.

Үшінші айналымда отандасымыз Германия өкілі Ян-Леннард Штруффқа қарсы кортқа шықты. Қарсыластар арасындағы кездесу тартысты өтті. Дегенмен қазақстандық теннисші матчты 7:6 (7:2), 4:6, 6:3 есебімен өз пайдасына шешті. Ойын 2 сағат 6 минутқа созылды.

Келесі қарсылас – Хауме Муньяр

Ширек финалда Александр Бублик Испания теннисшісі Хауме Муньярмен кездеседі. 

Бұған дейін қазақстанның бірінші ракеткасы Польша өкілі Хуберт Гуркачты жеңген еді. 

Турнир туралы

Роттердамдағы ATP-500 турнирі – маусым басындағы маңызды додалардың бірі. Жүлде қоры 2 462 660 еуроға тең. Финал 15 ақпанда өтеді. 

Реклама
Реклама