Елена Рыбакина (WTA рейтингісінде 3-орын) Дубайда WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымында өнер көрсетті.
1/8 финалда Рыбакина хорватиялық теннисші Антония Ружичпен (WTA 67-орын) кездесті. Қағаз жүзінде қазақстандық спортшы айқын фаворит саналса да, ойын барысында күтпеген қиындықтарға тап болды.
Бірінші сетте Рыбакина екі рет брейкпен ұтылып қалды. Бірақ есепті қайта теңестіріп, камбэк жасап 7:5 есебімен жеңіп шықты.
Екінші партияда ойынын таба алмай, 4:6 есебімен ұтылды. Шешуші сетте есеп 0:1 болған сәтте Рыбакина ойынды жалғастырудан бас тартты.
Осылайша матч күтпеген түрде аяқталып, қазақстандық теннисші турнирді мерзімінен бұрын аяқтады.
Дубайдағы "мыңдықтың" чемпионы 665 000 доллар көлемінде сыйақы алып, WTA рейтингісіне 1000 ұпай қосады.