Отандасымыз қазір Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирге өнер көрсетіп жатыр. Жуырда 1/8 финалға жолдама алды.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина осы аптада WTA рейтингінде тарихи нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Қазіргі таңда әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған спортшы Дубайдағы турнирде сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Рыбакинаның әлемнің екінші ракеткасы атануы үшін Дубай турнирінің финалына шығуы қажет. Мұндай жағдайда қазақстандық теннисші рейтингтік ұпай саны бойынша польяк спортшысы Ига Швентекті басып озады.
Айта кету керек, Швентек те, қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко да Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жарысқа қатыспайды. Бұл жағдай Рыбакинаның рейтингте жоғарылауына қосымша мүмкіндік беріп отыр.
WTA 1000 санатындағы Дубай турнирі – маусымдағы ең беделді жарыстардың бірі. Жеңімпазға:
Бұл ұпайлар әлемдік рейтингке тікелей әсер етеді.
Егер Елена Рыбакина финалға дейін жетсе, ол өз мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің екінші сатысына көтеріледі. Бұл Қазақстан теннисі үшін де үлкен жетістік болмақ.