Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 санатындағы беделді турнирде сәтті старт алды.
Рыбакина турнирдегі өнерін екінші айналымнан бастап, австралиялық Кимберли Бирреллді (WTA №94) тас-талқан етті — 6:1, 6:2.
Осы жеңістен кейін Елена 1/8 финалға жолдама алды. Бұл сында хорватиялық Антония Рузичпен шеберлік байқасады.
Рыбакина былтыр Дубайда жартылай финалға дейін жетіп, сол кезеңде ресейлік Мирра Андрееваға (WTA №7) есе жіберген. Кейін Андреева турнирдің чемпионы атанды.
2026 жылғы Dubai Tennis Championships турнирінің жалпы жүлде қоры — 4 088 211 доллар.
Чемпион атанған теннисші 665 000 доллар сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай еншілейді.