Қазақ теннисшісі Үндістанда басты сенсация жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Бейбіт Жұқаев Нью-Делидегі беделді ATP Challenger санатындағы турнирде күтпеген нәтиже көрсетті. Ол алғашқы айналымда жарыстың бірінші нөмірлі иесін тізе бүктірді. 

Қазақ теннисшісі Үндістанда басты сенсация жасады
instagram/@zhukayev

Алғашқы айналымда жеребе әлемдік рейтингте 292-орында тұрған Бейбіт Жұқаевты турнирдің басты фавориттерінің бірі, АТР тізімінде 134-орында тұрған австралиялық Дэйн Суинимен жолықтырды.

Кездесудің бірінші сетінде Жұқаев тай-брейкте жеңіліп қалды. Алайда одан кейін ойын тізгінін толық өз қолына алып, екі сет қатарынан сенімді түрде басым түсті — 6:2, 6:2.

Осылайша Жұқаев қиын сәтте мінез көрсетіп, басты фаворитке қарсы керемет камбэк жасап, турнирдің ең үлкен сенсацияларының біріне айналды

Бұл қарсыластардың бұған дейінгі матчтарын қоса есептегенде жеке кездесулердегі есеп 2:0 болып, қазақстандық теннисшінің пайдасына өзгерді.

Енді Бейбіт Жұқаев турнирдің екінші кезеңінде Грекия өкілі Стефанос Сакелларидиспен ракетка түйістіреді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір