Александр Бублик күтпеген шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің оныншы ракеткасы Александр Бублик ATP 500 Доха турниріне қатыспайды.

Александр Бублик күтпеген шешім қабылдады
bolavip.com

Бублик неге турнирден шығып кетті?

Теннисші шешімін өзінің Telegram-арнасында жариялап, басты себеп ретінде шаршағанын атады:

“Дохаға ұшып келдім, бірақ шаршағандықтан турнирден шығуға мәжбүр болдым. Дубайда кездескенше”, — деп жазды Бублик.

Дохадағы турнир туралы ақпарат

Ерлер арасындағы ATP 500 Доха турнирі 16–21 ақпан аралығында өтеді. Жүлде қоры — 2 833 335 АҚШ доллары. Қазіргі чемпион — ресейлік Андрей Рублёв.

Ал келесі дәл осындай “бесжүздік” турнирі Дубайда (БАӘ) 23 ақпанда басталады. Бублик жанкүйерлеріне сол жарыста қайта оралатынын аңғартты.

Еске сала кетейік, өткен аптада Александр Бублик Нидерландтағы Роттердам турнирінде (ATP 500) жартылай финалға дейін жетіп, шешуші кезеңге бір қадам қалғанда канадалық Феликс Оже-Альяссимге жол берген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір