Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді

Сарапшы, спорт журналисі

Анна Данилина Дохадағы жеңістен кейін WTA-ның жұптық рейтингінде көтеріліп, мансабындағы ең үздік көрсеткішіне қол жеткізді.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA-ның жұптық рейтингіндегі орнын жақсартып, мансабындағы рекордтық көрсеткішке жетті.

Өткен аптада Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, Дохада (Қатар) өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Финалда олар Қытай Тайбэйінің өкілі Се Шувэй мен латвиялық Елена Остапенконы 0:6, 7:6, 10:8 есебімен жеңді.

Рейтинг қалай өзгерді?

Осы жеңістің арқасында елдің жұптық сындағы үздік теннисшісі рейтингте оныншы орыннан жетінші орынға көтерілді. Бұған дейін оның жеке рекорды сегізінші орын болатын. Крунич екі сатыға жоғарылап, 12-орынға тұрақтады.

Әйелдер арасындағы жұптық рейтингте бірінші орынды бельгиялық Элизе Мертенс сақтап қалды. Екінші орында чехиялық Катерина Синякова тұр, ал үшінші орынға америкалық Тейлор Таунсенд көтерілді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева 106-орыннан 110-орынға төмендеді. Ал Жібек Құламбаева бір сатыға жоғарылап, 136-орынға шықты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір