Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді не үшін аяқтай алмады?

Сарапшы, спорт журналисі

Еліміздің үздік теннисшісі үшінші сетте медициналық тайм-аут алып, одан кейін матчты жалғастырудан бас тартты.

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді не үшін аяқтай алмады?
Елена Рыбакина. Фото: WTA

18 ақпан күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина күтпеген жерден Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымында хорватиялық Антония Ружичке қарсы матчтан бас тартты.

Үшінші сетте, есеп 7:5, 4:6, 0:1 болып тұрған сәтте Рыбакина медициналық тайм-аут алды. Үзіліс барысында ол өзін жайсыз сезінгенін айтып, жүрегі айнып, басы ауырлап, жалпы әлсіздік болғанын жеткізді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы матчты жалғастырмау туралы шешім қабылдап, Ружичтің ширек финалға шығуына мүмкіндік берді.

Tennis.com порталының мәліметінше, Елена Рыбакинаның кездесуден бас тартуына "асқазан-ішек жолдарының ауруы" ресми себеп ретінде көрсетілген.

Айта кетейік, Дубайдағы турнир Рыбакина үшін қаңтар айының соңында өткен Australian Open-2026 жарысындағы жеңісінен кейінгі екінші жарыс болды. Бұған дейін ол Дохада (Қатар) өткен турнирге қатысып, ширек финалда канадалық Виктория Мбокодан жеңілген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір