Елена Рыбакина Уимблдон-2026 алдында Лондонда жаттығу өткізді (ВИДЕО)

Спорт шолушысы
24.06.2026, 17:49

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Уимблдон турниріне дайындықты бастап кетті.

instagram/@lenarybakina

Aorangi Park кешеніндегі дайындық

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода Елена Рыбакинаның Aorangi Park жаттығу кешенінде дайындық өткізіп жатқаны көрінеді. Бұл кешен – Уимблдон турнирі өтетін Бүкілағылшын лаун-теннис және крокет клубының аумағындағы негізгі дайындық орындарының бірі.

Дәл осы жерде әлемнің үздік теннисшілері турнир алдындағы соңғы жаттығуларын өткізеді.

Қазақстандық теннисші басты фавориттердің қатарында

Елена Рыбакина Лондонға ерте келіп, шөп кортқа бейімделу жұмысын бастап кетті. Теннисші Уимблдон-2026 турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сынында басты фавориттердің бірі саналады.

Бұған оның шөп төсенішіндегі тұрақты әрі нәтижелі ойыны себеп. Рыбакинаның қуатты соққылары, сенімді сервисі және Уимблдондағы тәжірибесі оны кез келген қарсылас үшін қауіпті теннисшіге айналдырады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2022 жылы Уимблдон турнирінде топ жарып, Қазақстан теннисі тарихындағы ең ірі жетістіктердің біріне жеткен. Қазір ол WTA рейтингінде екінші орында тұр.

Биылғы Уимблдон турнирінің жүлде қоры жарыс тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Жалпы сыйақы көлемі – 64,2 миллион фунт стерлинг.

Ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисшілердің әрқайсысы 3,6 миллион фунттан алады.

Реклама
Реклама