Александр Бублик "Уимблдон-2026" турнирін камбэкпен бастады

Жекпе-жек шолушысы
30.06.2026, 21:42

Қазақстандық теннисші, әлемнің 11-ракеткасы Лондондағы "Уимблдон" турнирінің екінші айналымына шықты.

x.com

Алғашқы айналымдағы қиын жеңіс

Бублик "Уимблдон-2026" турнирінің бірінші айналымында ATP рейтингінде 491-орында тұрған австралиялық Танаси Коккинакиске қарсы кортқа шықты.

Матч қазақстандық теннисші үшін оңай болған жоқ. Бублик бірінші сетте қарсыласына жол беріп, кейін есепті теңестірді. Үшінші партияда тағы да Коккинакис алға шыққанымен Александр матчты құтқарып, камбэк жасай алды — 4:6, 6:3, 6:7, 6:3, 6:4

Бұған дейін Коккинакис жеңген

Александр Бублик пен Танаси Коккинакис бұған дейін бір рет кездескен. Матч Мексиканың Акапулько қаласындағы турнирде болған.

Сол жолы австралиялық теннисші 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Бублик Лондондағы матчта қарсыласынан реванш алды.

Қазақстандық теннисші "Уимблдонның" екінші кезеңінде франциялық Кириан Жакемен кездеседі.

Лондондағы турнирдің қазіргі чемпионы — италиялық Янник Синнер. 

Реклама
Реклама