Қазақстандық теннисші Новак Джоковичпен бірге жаттығу өткізді (ВИДЕО)

Спорт шолушысы
Бүгін, 09:20

18 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы Уимблдон турнирі кезінде әлемдік теннис аңызы, "Үлкен дулыға" турнирлерінің 24 дүркін чемпионы Новак Джоковичпен бірлескен жаттығу өткізді.

instagram/baiseit_ldn

Ортақ жаттығу 6 шілде күні Уимблдон жарысы өтіп жатқан Бүкіланглиялық лаун-теннис клубының корттарының бірінде өтті.

Қазіргі таңда Заңғар мен тағы бір қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай Уимблдонның жасөспірімдер арасындағы жарысында өнер көрсетіп жатыр. 7 шілдеде қазақстандық теннисшілер келесі айналымға өту үшін кортқа шығады:

  • Заңғар Нұрланұлы – Дэниел Йовановски (Аустралия);
  • Дамир Жалғасбай – Коннор Дойг

Айта кетейік, алғашқы айналымда Заңғар словакиялық Леон Слободаны 3:6, 7:6, 7:6 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған еді.

Бұған дейін де әлем жұлдыздарымен жаттыққан

Заңғар Нұрланұлы халықаралық деңгейдегі жұлдыздармен алғаш рет жаттығып отырған жоқ. Жас теннисші 2025 жылы Мельбурнда әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнермен бірге дайындалған болатын. 

Реклама
Реклама