Топ-10-да: Елена Рыбакина бір жылда қанша табыс тапқаны белгілі болды

Бас редактор
Бүгін, 10:13

Sportico жуырда ең көп табыс тапқан теннисшілер рейтингін жасақтады. 

sport.orda.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің ондығына енді. Sportico рейтингіне сәйкес, қазақстандық спортшы бір жылда 16,3 миллион доллар табыс тапқан.

Оның 11,3 миллион доллары — турнирлердегі жүлде қоры есебінен түскен. Ал демеушілік келісімшарттардан қазақстандық теннисші 5 миллион доллар пайда көрген.

Көш басында Карлос Алькарас тұр

Әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілер рейтингінде бірінші орынды Испания өкілі Карлос Алькарас иеленді. Оның бір жылдық табысы 62,9 миллион доллар болды.

Екінші орында италиялық Янник Синнер тұр. Ол 59 миллион доллар тапқан. Үздік үштікті америкалық Коко Гауфф түйіндеді — оның табысы 40,3 миллион доллар.

Топ-10 тізіміне тағы кім енді?

2026 жылғы ең жоғары табыс тапқан теннисшілер рейтингі төмендегідей:

  1. Карлос Алькарас — Испания, 62,9 млн доллар
  2. Янник Синнер — Италия, 59 млн доллар
  3. Коко Гауфф — АҚШ, 40,3 млн доллар
  4. Серена Уильямс — АҚШ, 40 млн доллар
  5. Арина Соболенко — Беларусь, 35,9 млн доллар
  6. Новак Джокович — Сербия, 25,6 млн доллар
  7. Чжэн Циньвэнь — Қытай, 24,6 млн доллар
  8. Ига Швёнтек — Польша, 22,8 млн доллар
  9. Александр Зверев — Германия, 16,7 млн доллар
  10. Елена Рыбакина — Қазақстан, 16,3 млн доллар

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2026 жылы мансабындағы тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді. Уимблдон-2022 чемпионы қаңтар айында Австралия ашық чемпионатында жеңіске жетіп, "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі екінші титулын иеленді.

Реклама
Реклама