Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Швецияның Бостад қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Әлемдік рейтингте 84-орында тұрған қазақстандық теннисші 1/8 финалда сербиялық Лола Радивоевичпен (WTA №148) кездесті. Екі сағат бес минутқа созылған матчта Путинцева 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.
Ширек финалда кіммен ойнайды?
Жартылай финалға шығу үшін Юлия Путинцева австриялық Синья Крауспен (WTA №93) кездеседі.
Бостадтағы WTA 125 турнирі 6-11 шілде аралығында өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 115 мың АҚШ долларын құрайды. Турнир жеңімпазы 125 рейтингтік ұпай мен 15 500 доллар көлеміндегі жүлдеге ие болады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.