Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жұптық сайысында ширек финалға жолдама алды.
Әлемдік рейтингте 486-орында тұрған Құламбаева жарыста румыниялық Ирина Барэмен бірге өнер көрсетіп жатыр.
Алғашқы ойында жеңіске жетті
Турнирдегі алғашқы кездесуде Құламбаева мен Барэ швейцариялық Алина Гранвер және италиялық Джорджия Педоне жұбын 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Бұл теннисші жұптар арасындағы алғашқы кездесу болды.
Ширек финалда теннисшілер қытайлық Хуан Юйцзя – Чжан Ин және Елена Руксандра Бертеа – Ксения Зайцева (Румыния/Ресей) жұптарының біріне қарсы ойнайды.
Айта кетейік, ITF W75 турнирі ашық грунтты корттарда өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 60 мың долларды құрайды.
Жарнама
Жарнама