Елена Рыбакина тағы бір белесті бағындырды
Отандасымыз "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі эйс саны бойынша көш бастады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы "Үлкен дулыға" турнирлерінде эйс саны бойынша әйелдер арасында үздік атанды.
US Open финалында Арина Соболенкоға қарсы матчтағы шешуші эйс Рыбакинаны маусымдық рейтингте бірінші орынға шығарды. 2026 жылғы "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі эйс санын 116-ға жеткізген еді. Соның арқасында отандасымыз Соболенко мен чехиялық Линда Носковадан бір эйске озып кетті.
Эйс саны бойынша үздік бестік
2026 жылғы "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі көрсеткіш:
- Елена Рыбакина (Қазақстан) – 116 эйс
- Арина Соболенко (Беларусь) – 115
- Линда Носкова (Чехия) – 115
- Наоми Осака (Жапония) – 107
- Марта Костюк (Украина) – 83
Айта кетейік, US Open-дегі жеңістен кейін Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтетін турнирге қатысатынын мәлімдеді.
Қазақстандық теннисші бұл жарыста былтыр чемпион атанған болатын.
Жарнама
Жарнама