ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Елена Рыбакина US Open жеңісінен кейін $2,5 млн салық төлеуі мүмкін

US Open-2026 турнирінің жүлде қоры биыл рекордтық деңгейге жетіп, жалпы сомасы 108 миллион долларды құрады.

Елена Рыбакина US Open жеңісінен кейін $2,5 млн салық төлеуі мүмкін
news.sportbox.ru

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісі үшін рекордтық 5,5 миллион доллар сыйақы алды. Алайда бұл соманың едәуір бөлігі АҚШ-тағы салықтарға кетуі мүмкін.

Sports Yahoo жариялаған есеп бойынша, Рыбакинаның салық төлемдері шамамен 2,5 миллион долларға жетуі ықтимал.

  • федералдық салық мөлшері – шамамен 37 пайыз;
  • Нью-Йорк штатының салығы – шамамен 9,65 пайыз.

Егер осы есеп өзгеріссіз қалса, 5,5 миллион доллардан кейін Рыбакинаның қолында шамамен 2,9 миллион доллар қалуы мүмкін.

Рыбакина US Open жеңісі үшін қанша алды?

US Open-2026 турнирінің жүлде қоры биыл рекордтық деңгейге жетіп, жалпы сомасы 108 миллион долларды құрады.

Әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған Елена Рыбакина 5,5 миллион доллар алды. Өткен жылғы жеңімпазға 5 миллион доллар берілген еді.

Айта кетейік, ерлер арасындағы чемпион да дәл осындай көлемде сыйақы алды. US Open ерлер мен әйелдерге тең сыйақы төлейтін "Үлкен дулыға" турнирлерінің бірі болып саналады.

Рыбакина Нью-Йоркте тарихи дубль жасады

US Open-2026 Елена Рыбакина үшін ерекше турнир болды. Қазақстандық теннисші Нью-Йоркте мансабындағы үшінші "Үлкен дулыға" титулын жеңіп алды.

Алғаш рет US Open чемпионы атанды. Сонымен қатар, WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесіне ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?