ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Рыбакинаның US Open-дегі жеңісінің басты себебі анықталды

Олимпиада чемпионы Елена Дементьева қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның US Open-2026 турниріндегі ойынына қатысты пікір білдірді.

Рыбакинаның US Open-дегі жеңісінің басты себебі анықталды
instagram/lenarybakina

Ресейлік теннисшінің айтуынша, Рыбакинаның Цинциннатидегі алған жарақаты оған АҚШ ашық чемпионатына жақсырақ дайындалуына мүмкіндік берген болуы мүмкін.

Еске салсақ, Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалында Ига Швентекпен кездесуді сол жақ тобығындағы жарақатына байланысты жалғастыра алмаған. Осыдан кейін қазақстандық теннисші US Open турниріндегі аралас жұптық сайыстан да бас тартты.

Дементьева жарақаттан кейінгі үзіліс Рыбакинаның US Open-ге сергек күйде келуіне ықпал еткенін айтты.

"Меніңше, бұл жарақат белгілі бір деңгейде оған көмектесті. Ол Цинциннатиде Ига Швентекпен матчтан ширек финалда шығып қалды. Сол кезде US Open-де ойнай алатынына дейін нақты сенімді болмады. Кейін өзі айтқандай, миксттен де бас тартты. Бір апта немесе одан да көп уақыт теннис ойнамай, қалпына келу жаттығуларына басымдық берді", — деді Олимпиада чемпионы.

Әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы қазақстандық теннисшінің US Open барысында өз формасын біртіндеп жақсартқанын атап өтті.

"Оның жағдайында бәрі сәтті үйлесті, белгілі бір деңгейде демалып үлгерді және турнир барысында формасын жинады. Ал финалға келгенде керемет деңгейдегі ойын көрсетті"

Елена Рыбакина US Open-2026 жарысының финалында Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің чемпионы атанды. Осылайша қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы титулына қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?