35 млн доллар сыйақы: Елена Рыбакинаның отбасы қандай активтерге ие?
2026 жылдың басынан бері қазақстандық теннисші 10 879 335 доллар сыйақы алып, WTA турындағы ең көп табыс тапқан ойыншылардың біріне айналды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина кәсіби мансабында қомақты қаржы жинап үлгерді. Оның турнирлерден тапқан табыс көлемі 35 млн доллардан асады.
2026 жылы 10,8 млн доллардан аса табыс
Елена Рыбакина әлемдік теннистің көшбасшылары қатарына енгеннен кейін оның табысы айтарлықтай өсті.
2026 жылдың басынан бері қазақстандық теннисші 10 879 335 доллар сыйақы алып, WTA турындағы ең көп табыс тапқан ойыншылардың біріне айналды.
Жалпы мансабында Рыбакинаның тек турнирлерден алған сыйақысы 35 млн доллардан асқан.
Ата-анасы қаржылық істерге көмектеседі
sportarena.kz мәліметінше, Рыбакинаның ата-анасы оның активтерін басқаруға және демеушілік келісімдерді үйлестіруге қатысады.
Теннисшінің Red Bull және Yonex секілді ірі халықаралық брендтермен серіктестігі бар. Алайда мұндай келісімдердің нақты қаржылық шарттары көп жағдайда жария етілмейді. Дегенмен, ашық деректерде Рыбакина отбасының Мәскеуде жылжымайтын мүлкі бар екені айтылады. Бұл қалада теннисшінің ата-анасы ұзақ уақыттан бері өмір сүріп келеді.
Сондай-ақ отбасының Дубайда да жылжымайтын мүлікке ие екені жазылған. Рыбакина БАӘ-де маусымаралық дайындық кезеңдерін жиі өткізеді.
Бұдан бөлек, теннисшінің Братиславада баспанасы бары туралы ақпарат бар. Себебі Словакия астанасы оның Еуропадағы негізгі жаттығу базаларының бірі саналады.
Қаржының бір бөлігі инвестицияға салынады
Рыбакинаның отбасы спорттан түскен табыстың бір бөлігін тәуекелі төмен қаржы құралдарына бағыттайды.
Олардың қатарында бағалы қағаздар мен инвестициялық қорлар аталады. Мұндай стратегия спорттық мансап аяқталғаннан кейін де тұрақты қаржылық база қалыптастыруға бағытталған.
Айта кету керек, отбасының нақты активтерінің құны мен инвестициялық портфелі туралы толық ресми ақпарат ашық жарияланбаған.