Жарнама
Жарнама
Тимофей Скатов Мастерс турнирінің іріктеу финалына шықты
olympic.kz

Тимофей Скатов Мастерс турнирінің іріктеу финалына шықты

Қазақстандық теннисші Шанхай ATP 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне бір қадам жақындады.

Қарсыласын екі сетте жеңді

ATP рейтингінде 204-орында тұрған Тимофей Скатов Шанхайдағы турнирдің іріктеу кезеңінде әлемнің 134-ракеткасы Стефанос Сакелларидиспен кездесті. Қазақстандық теннисші матчты сенімді өткізіп, қарсыласын екі партияда 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.

Скатов ойын барысында бір эйс жасап, бір рет қос қателікке жол берді. Сонымен қатар өз сервисіндегі бір геймді қарсыласына берді. Соған қарамастан қарсыласының добын ойынға қосуында төрт рет брейк жасап, кездесуді айқын басымдықпен аяқтады.

Бұл Скатов пен Сакелларидистың кәсіби турдағы алғашқы кездесуі болды. 

Негізгі турнир жолдамасы үшін австралиялықпен ойнайды

Тимофей Скатов іріктеу кезеңінің финалында австралиялық Бернард Томичпен кездеседі.

Томич қазіргі уақытта ATP әлемдік рейтингінде 184-орында тұр. Бұл матчтың жеңімпазы Шанхайдағы ATP 1000 санатындағы беделді турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алады.

Жарнама
Жарнама