Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Брисбен-2032: Құсқа теңелген Олимпиада эмблемасы таныстырылды

Жаңа визуалды стильге Австралия табиғаты мен Квинсленд штатының ерекшеліктері негіз болған.

Брисбен-2032: Құсқа теңелген Олимпиада эмблемасы таныстырылды
championat.com

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2032 жылы Австралияның Брисбен қаласында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми эмблемаларын таныстырды.

Жаңа визуалды стильге Австралия табиғаты мен Квинсленд штатының ерекшеліктері негіз болған.

"Какаду, табиғат және Квинсленд штатынан шабыт алған эмблема Ойындардың танымал бейнесі мен визуалды айдентикасына жаңа, өзіндік символ қосады", – делінген ХОК хабарламасында.

Брисбен-2032: Құсқа теңелген Олимпиада эмблемасы таныстырылды
Фото: ua.news

Ұйымдастырушылардың түсіндіруінше, какаду құсы айдарын өзге құстармен вербалды емес қарым-қатынас жасау және түрлі физиологиялық белгілерді көрсету үшін пайдаланады.

Сонымен қатар эмблемадағы пішін алау жалынының тілдеріне де ұқсайды.

Олимпиада қашан өтеді?

2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Брисбенде 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?