Жарнама
Жарнама
Юлия Путинцева Уханда үш сағатқа жуық матчта жеңіске жетті
instagram.com/wuhanopenwta/

Юлия Путинцева Уханда үш сағатқа жуық матчта жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Қытайдың Ухан қаласында WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты.

Тартысқа толы матч

Әлемдік рейтингте 79-орында тұрған Путинцева негізгі кезеңнің алғашқы айналымында WTA тізіміндегі 59-ракетка Зейнеп Сонмезбен кездесті. Бірінші сет тай-брейкте түркиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Бірақ Юлия келесі екі партияда басымдық танытып, 6:7 (1:7), 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 54 минутқа созылды. Бұған дейін қазақстандық теннисші турнирдің іріктеу кезеңінен сәтті өткен.

Екінші айналымдағы қарсыласы – Диана Шнайдер

Путинцева келесі матчта әлемнің 13-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен күш сынасады. Шнайдер алғашқы айналымда рейтингтің 54-сатысындағы британиялық Кэти Бултерді 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Бұл кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды.

Осылайша Путинцева мен Шнайдер Ухан турнирінің үшінші айналымына берілетін жолдаманы сарапқа салады. Уханда чемпион атанған теннисші 665 мың көлемінде ақшалай сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Жарнама
Жарнама