Реклама
Реклама

Елена Рыбакина сенбі күні құрама сапында өнер көрсетеді

Сарапшы, спорт журналисі
15.11.2024, 16:33

Отандасымыз Оңтүстік Кореяға қарсы кездесуде ойнайды. 

runasport.com

16 және 17 қараша күндері Астанада Билли Джин Кинг Кубогы аясында Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары кездеседі. 

Сенбіде Зарина Диас - Дайон Бэк, Елена Рыбакина - Сохен Пак матчтары өтеді. 

Ал 17 қараша күні Елена Рыбакина Дайон Бэкпен, Зарина Диас Сохен Пакпен шеберлік байқасады. Сонымен қатар жұптық сында Анна Данилина / Жібек Құламбаева оңтүстікореялық Юнву Ку/Дабин Киммен күш сынасады. 

Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина ұзақ уақыт бойы Қазақстан құрамас сапында өнер көрсетуден бас тартып келді. 

Реклама
Реклама