ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты
sportpulse. kz

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Дмитрий Попко Морелос қаласындағы ATP Challenger турнирінің жартылай финалына өтті.

Попко турнирдің үшінші нөмірлі теннисшісі аргентиналық Хуан Пабло Фиковичті еш мүмкіндік қалдырмай 6:1, 6:1 есебімен жарыс жолынан шығарды.

Енді қазақстандық жартылай финалда канадалық Алексис Галарноға қарсы кортқа шығады. 

Еске сала кетсек, турнирдің алғашқы айналымында Попко бразилиялық Родригес Мелигениді 6:3, 7:6 есебімен тізе бүктірді.

Одан кейін Германия өкілі Макс Вискандтан тартысты матчта 7:5, 6:7, 7:6 есебімен басым түсті.

Жарнама
Жарнама