Қазақстандық сұлу-боксшының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
26.04.2025, 20:40
Қазақстандық кәсіби боксшы Балауса Мұздыман (7-0, 5 КО) 6 маусым күні Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.
RunaSport.com
Ресми ақпаратқа сүйенсек, All Stars Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын All Stars Boxing 4 турнирі "Алматы Аренада" өтеді. Балаусаның қарсыласы әзірге жарияланбады.
Айта кетейік, Балауса Мұздыман соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанадағы бокс кешінде өткізген. Ол кезде қазақстандық боксшы Филиппин өкілі Мария Тереза Пинилиді (7-2, 2 КО) төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіп шықты.
Жеңісті жолын жалғастырып келе жатқан Балауса Мұздыман BoxRec сайтының жеңіл салмақ рейтингінде тоғызыншы орынға ие.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама