Жарнама
Жарнама
Шавкат Рахмоновқа Қазақстанда жекпе-жек өткізу ұсынылды: сыйақы сомасы белгілі болды
liter.kz

Шавкат Рахмоновқа Қазақстанда жекпе-жек өткізу ұсынылды: сыйақы сомасы белгілі болды

Қазақстандық UFC жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновқа ел ішінде жекпе-жекке шығу ұсынысы түсті. 

Instagram қолданушыларының бірі Шавкат Рахмоновпен бірге түскен суретін жариялап, ерекше ұсыныс жасады. Фото аясында мешіт көрінісі бейнеленген.

"Осы жігіттермен рингке шығуға 70 мың теңгеге дайынсың ба?" – деп жазды автор. Кейін бұл сторис Рахмоновтың ресми Instagram парақшасында да жарияланды.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов былтыр 8 желтоқсанда UFC аясында өткен соңғы жекпе-жегінде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңіп шыққан болатын.

UFC президенті Дана Уайттың айтуынша, қазақстандық спортшының келесі жекпе-жегі титул үшін өтуі әбден мүмкін. Қазір Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ санатында рейтингтің екінші орнында тұр. 

Жарнама
Жарнама