Grand Slam Душанбе 2025: алғашқы күнде Өзбекстан Қазақстаннан озды

Редактор Penalty.kz
03.05.2025, 00:07

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан беделді Grand Slam турнирі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы үшін аса табысты бола қойған жоқ. 

ulyssport.kz

Қазақстанға алғашқы және әзірге жалғыз медальді 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбиба Абужақынова алып келді. Қола жүлде үшін өткен белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимованы тиімді ұстап тұрып, айқын жеңіске жетті.

Бірақ Әбиба жартылай финалда күтпеген жерден Қытайдан келген дзюдошыға жол беріп, финалға шығу мүмкіндігінен айырылды.

Өзбекстан құрамасы алғашқы күні екі бірдей медаль жеңіп алды:

  • Мухайё Ахматова (52 кг дейін) — күміс жүлде
  • Артём Штурбабин (66 кг дейін) — қола жүлде
ФОТО: ijf.org

Осылайша, медаль саны бойынша көрші елдің спортшылары Қазақстаннан алға шығып отыр.