"Джалоловтың ізбасары" Польшадағы әлем кубогында қарсыласын тас-талқан етті

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 03:08

Польша астанасы Варшавада "Феликс Штамм" халықаралық турнирі басталды. Бұл дода – биыл тұсауы кесілген World Boxing жобасы аясындағы әлем кубогының екінші кезеңі. Бұған дейінгі бірінші кезең сәуір айында Бразилияда өткен.

asal.media

Зокиров — ауыр салмақтағы айбынды үміткер

Турнирдің алғашқы күнінде шаршы алаңға өзбекстандық боксшы Джахонгир Зокиров шықты. Ауыр салмақ — 90 келіден жоғары категорияда сынға түскен Зокиров жергілікті боксшы польшалық Оскар Коперамен жұдырықтасты. 

Жекпе-жек екінші раундта-ақ аяқталды. Зокиров қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Баходир Джалоловтың жолын жалғастырушы

Джахонгир Зокировты спорт сарапшылары атақты Баходир Джалоловтың ізбасары ретінде көреді. Джалолов – әуесқой бокста екі мәрте Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы және үш рет Азия чемпионы атанған өзбек спортшысы.