Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Адамес салмақ ауыстырып, Жәнібектен жекпе-жектен қашып жатыр

Редактор Penalty.kz
12.05.2025, 23:05

Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес салмақ дәрежесін ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл шешім қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен өтуі тиіс жекпе-жектің болашағына қауіп төндірді, 

sn.kz
sn.kz

Чемпион атағын сақтағысы келсе де, рингке шықпай отыр

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, Карлос Адамеске ашық шақыру тастаған. Бірақ 31 жастағы доминикандық боксшы әзірге бұған жауап бермей, керісінше WBC белбеуінен бас тартып жоғары салмақ дәрежесіне өтуді қарастырып жүр.

"Менің ойымша, ең қызықты жекпе-жек — Эдгар Берлангамен (АҚШ) болатын кездесу. Бұл ауқымды әрі қызықты шоу болар еді", — деді Адамес The Ring тілшісіне берген сұхбатында.

Әлімханұлы басқа қарсыласты қарастырмайды

Жәнібек бұған дейін бірнеше рет мәлімдеме жасап, тек Адамеспен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтқан. Ол әлеуметтік желі арқылы доминикандық қарсыласына ашық түрде үндеу жасаған.

Чемпиондық көрсеткіштер

Карлос Адамес ақпан айының соңында WBC белбеуін қорғап, британдық Хамза Ширазбен тең нәтиже тіркеген. Қазір Адаместің еншісінде 24 жеңіс бар, оның 18-і — нокаутпен.

Ал Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін сәуір айында өткізіп, француз-конголезді Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсірді. 32 жастағы боксшы кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (12 — нокаутпен).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір