Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында екінші "алтын" жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
12.05.2025, 21:01

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таеквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медальға ие болды. 

instagram/@qaz.tkd
instagram/@qaz.tkd

Жантөре Сағынғали – әлем чемпионы!

+65 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Жантөре Сағынғали финалда Украина спортшысы Максим Шудженконы сенімді түрде ұтып, алтын медаль еншіледі. Бұл – Қазақстан құрамасының осы әлем біріншілігіндегі екінші жеңісі.

Қола медаль иегерлері де бар

Чемпионаттың үшінші жарыс күнінде Қазақстан қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты. 47 кг салмақта Алла Цой, ал 51 кг салмақта Аида Гожалимова үздік үштікке енді.

Бұған дейін кім алтын алған еді?

Еске салайық, бұған дейін 61 кг салмақта Хамзаальпер Ромашкин әлем чемпионы атанды. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында бүгінде екі алтын және екі қола жүлде бар.

Әлемдік доданың ауқымы

Бұл жарысқа 80 елден 811 жас таеквондошы қатысуда. Турнир 14 мамырға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір