Ризабек Айтмұханның басты қарсыласы жезөкшелікке байланысты ұсталды

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 06:43

2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, әлемге әйгілі америкалық балуан Кайл Снайдер жезөкшелікке байланысты жүргізілген арнайы операция барысында тұтқындалды. 

sportyakutia.ru

Агентпен кездесуге келгенде ұсталды

Коламбус қаласының (Огайо штаты) полициясы таратқан мәліметке сәйкес, 9 мамыр күні кешкі сағат 20:15 шамасында Кайл Снайдер интернетте жарияланған жалған хабарландыруға жауап берген. Аталған жарнаманы құқық қорғаушылар заңсыз жыныстық қызметке қызығушылық танытқан адамдарды әшкерелеу үшін әдейі орналастырған.

Снайдер қонақүйдегі бөлмеде "жыныстық қызмет көрсететін" агентпен кездесуге келген. Оған ақша беріп, оральды секс талап еткен.

Полицейлердің мәлімдеуінше, дәл сол сәтте нөмірге кіріп келген формалы қызметкерлер оны оқиға орнында тұтқындаған. Жұлдызды спортшыға 19 мамыр күні сотқа келу туралы шақырту беріліп, кейін оқиға орнынан босатылған.

Бұл іске Снайдерден бөлек тағы 15 адам тартылған

Полиция операция аясында барлығы 16 адамның ұсталғанын атап өтті. Олардың қатарында Снайдер де бар.

Снайдердің спорттағы жетістіктері

29 жастағы Снайдер — еркін күрес тарихындағы ең танымал балуандардың бірі. Ол:

  • 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтын,
  • 2020 жылы Токиода күміс медаль жеңіп алды.
  • 3 дүркін әлем чемпионы,
  • NCAA-ның І дивизионында үш рет чемпион атанды.
ФОТО: olimpbetarena

Снайдер сондай-ақ АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Спорт, фитнес және тамақтану жөніндегі кеңесінде қызмет атқарған. Ал өткен аптада ол әйгілі Халк Хоган құрған Real American Freestyle лигасына келісімшартпен қосылды.