Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Конор МакГрегор қырғыз қызын әлемнің ең үздік файтері деп атады

Сарапшы, спорт журналисі
13.05.2025, 10:14

UFC ұйымының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор МаКгрегор қырғызстандық жекпе-жек шебері Валентина Шевченкоға жоғары баға берді. Спорт әлемінің жарық жұлдызы Twitter-де (қазіргі X) жариялаған жазбасында Шевченконы ММА тарихындағы ең үздік әйел спортшы деп атады.

Конор МакГрегор қырғыз қызын әлемнің ең үздік файтері деп атады
rbc.ru

UFC аңызы Валентина Шевченконы мақтады

"Валентина Шевченко – бұл жер бетіндегі ғажап! Ол тамаша файтер. Мен үшін ол – ММА тарихындағы ең ұлы әйел спортшы", – деп жазды Конор әлеуметтік желідегі парақшасында.

UFC 315: Тағы бір әсерлі жеңіс

Айта кетейік, Валентина Шевченко өзінің соңғы жекпе-жегін Канададағы UFC 315 турнирінде өткізді. Монреаль қаласындағы ол Франциядан келген Манон Фиороны айқын басымдықпен жеңіп шықты.

Валентина Шевченко. ФОТО: sputnik.kg

Шевченконың кәсіби жетістіктері

37 жастағы спортшының ММА-дегі кәсіби көрсеткіші – 25 жеңіс пен 4 жеңіліс. Ол өзінің техникалық дайындығы, тактикалық шеберлігі және төзімділігімен танымал. Шевченко тек Қырғызстанның емес, бүкіл әлемнің мақтанышына айналған файтер.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір