Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Барлық жауапкершілікті Айтжановқа арту әділетсіз": белгілі журналист боксшылардың сәтсіздігі туралы пікір білдірді

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 12:38

Қазақ боксының Олимпиададағы нәтижесіне байланысты қоғамда түрлі пікірлер айтылып жатыр. Спорт журналистикасының ардагері Қыдырбек Рысбек бұл жағдайға қатысты өз көзқарасын білдіріп, басты себептерге тоқталды.

olympic.kz
olympic.kz

Айыпты жалғыз Айтжановқа арту – үлкен қателік

Қыдырбек Рысбек журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасында қонақта болып, Париж Олимпиадасындағы бокстан Қазақстан құрамасының көрсеткіші жайлы айтты. Оның пікірінше, барлық сәтсіздікті бір ғана бас бапкердің мойнына іліп қою әділетсіз шешім.

"Мырзағали Айтжановты кінәлаумен шектелуге болмайды. Ол небәрі бір жыл бұрын Ташкентте төрт әлем чемпионын тәрбиелеп шығарды. Бұл – кездейсоқ жетістік емес", — деді ол.

Сонымен қатар, Рысбек мырза Өзбекстан құрамасының нәтижелі өнерін елдік қолдаудың үлгісі ретінде атап өтті. Президент Мирзиёевтің тікелей араласуы мен халықаралық аренадағы қолдауы өз нәтижесін бергенін айтты.

Бапкерлік мектептің жүйелілігі — жетістік кепілі

Қыдырбек Рысбектің айтуынша, Айтжанов — Қазақстан спортындағы ең үздік бапкерлердің бірі. Оның жетістіктері кездейсоқ емес, жылдар бойы қалыптасқан жаттықтырушылық мектептің жемісі.

"2013–2014 жылдары Айтжанов әлемнің үздік бапкері атанды. Бұл атақ сатып алынған жоқ. Ол – жүйелі жұмыстың нәтижесі", — деді Рысбек.

Қыдырбек Рысбек. ФОТО: el.kz

Ол сондай-ақ Нұрлан Ақүрпековтың шәкірттері – Бақтияр Артаев, Жайлау Жақиянов, Әбілхан Аманқұл және басқа да боксшыларды мысалға келтіріп, нағыз бапкерлік мектеп – үздіксіз, тұрақты жұмыс екенін атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір