UFC ұйымының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор МаКгрегор қырғызстандық жекпе-жек шебері Валентина Шевченкоға жоғары баға берді. Спорт әлемінің жарық жұлдызы Twitter-де (қазіргі X) жариялаған жазбасында Шевченконы ММА тарихындағы ең үздік әйел спортшы деп атады.
"Валентина Шевченко – бұл жер бетіндегі ғажап! Ол тамаша файтер. Мен үшін ол – ММА тарихындағы ең ұлы әйел спортшы", – деп жазды Конор әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Валентина Шевченко өзінің соңғы жекпе-жегін Канададағы UFC 315 турнирінде өткізді. Монреаль қаласындағы ол Франциядан келген Манон Фиороны айқын басымдықпен жеңіп шықты.
37 жастағы спортшының ММА-дегі кәсіби көрсеткіші – 25 жеңіс пен 4 жеңіліс. Ол өзінің техникалық дайындығы, тактикалық шеберлігі және төзімділігімен танымал. Шевченко тек Қырғызстанның емес, бүкіл әлемнің мақтанышына айналған файтер.