Татами шеберлері әлем чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
16.05.2025, 21:00

Астанада парадзюдо бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан жалпы саны 11 медаль жеңіп алды. 

sports.kz

Әйелдер құрамасы — топта бірінші орын

Чемпионаттың үшінші күнінде командалық жарыстар өтті. Қазақстан әйелдер құрамасы айналмалы жүйе бойынша өнер көрсетті. Топтық кезеңде Түркия мен Үндістан командаларын сенімді жеңіп, шешуші кездесуде Өзбекстан құрамасын аса тартысты жекпе-жекте тізе бүктірді. Жалғыз жеңіліс Бразилиямен болған матчта тіркелді. 

Ерлер құрамасы — фавориттерді жеңген ерлік

Ерлер арасындағы бәсекеде де Қазақстан құрамасы өз мықтылығын дәлелдеді. Алдымен Моңғолия мен Грузия командаларын ұтқан жігіттер финалға дейін жетіп, басты фаворит — Бразилия құрамасынан басым түсті.

Жекелей сын: 9 медаль — жарқын нәтиже

Жекелей сында ұлттық құрама спортшылары:

  • 2 алтын
  • 2 күміс
  • 5 қола медаль иеленді.