Қазақстан қатыспаған турнирде өзбек боксшылары "алтындарды" қоржынға салды
17.05.2025, 05:28
Польша астанасы Варшавада Феликс Штамм атындағы халықаралық турнир биыл World Boxing ұйымының бастамасымен ресми түрде әлем кубогы мәртебесіне ие болды.
Instagram/@boxinguzbekistan_official
Алты салмақта – алты "алтын"
Өзбекстанның ерлер құрамасынан алты боксшы финалға шығып, бәрі де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Төменде шешуші жекпе-жектердің нәтижелері келтірілген:
- 55 кг: Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан) — Хархуу Билгуунсайхан (Моңғолия) — 5:0
- 65 кг: Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан) — Викторио Илиев (Болгария) — 5:0
- 75 кг: Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан) — Киван Рами (Болгария) — 5:0
- 80 кг: Джавахир Умматалиев (Өзбекстан) — Альфред Комми (Италия) — 5:0
- 85 кг: Акмалжон Исроилов (Өзбекстан) — Якуб Страшевски (Польша) — техникалық нокаут, 2-раунд
- 90+ кг: Джахонгир Зокиров (Өзбекстан) — Омар Шиха (Норвегия) — 5:0
Айта кету керек, бұл жолы Варшавадағы әлем кубогына Қазақстан ұлттық құрамасы қатысқан жоқ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама