OCTAGON 75: Қазақ-Өзбек жұлдыздары айқасады
OCTAGON 75 халықаралық турнирі алғаш рет Ташкентте өтеді. Іс-шарада Қазақстан мен Өзбекстанның үздік файтерлері октагонда жолығады.
2025 жылдың 6 шілдесінде Ташкент қаласында OCTAGON 75 атты ірі аралас жекпе-жек турнирі ұйымдастырылады. Бұл жөнінде Eurasia Fight League (OCTAGON) ресми мәлімдеме жасады.
Қазақстан мен Өзбекстан жұлдыздарының айқасы
Турнирдің басты тартысы — жартылай орта салмақтағы айқас болмақ. Қазақстандық чемпион Георгий "Рыцарь" Кичигин (32 жеңіс, 10 жеңіліс) пен нокаут шебері, өзбекстандық Шохасан Мирзаматов (15 жеңіс, 4 жеңіліс) октагонда жолығады.
MMA жұлдыздары бір алаңда
OCTAGON 75 турнирінде сонымен қатар танымал спортшылар өнер көрсетеді:
- Камиль Карате
- "Өзбек Тайсоны" Жасурбек Жураев
- Огабек "Сатурн" Абдумуминов және басқа да атақты жекпе-жек шеберлері.
OCTAGON лигасының мақтаныштары
Айта кетейік, OCTAGON лигасының түлектері арасында бүгінде UFC-де өнер көрсетіп жүрген Азат Максум мен Бекзат Алмахан секілді қазақстандық файтерлер бар. Бұл лига — Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан ұйымдардың бірі.
Ал 2025 жылдың 21 маусымында Алматыда OCTAGON 74 турнирі өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін қазақстандықтар:
- Ерасыл Шукатаев (12-4)
- Аскар Жақсылықов (6-2) күш сынасады.